{metadescription}
Семейде жүк пойызы бір әйелді басып кетті
Семейде жүк пойызы бір адамды жаншып өлтірді. Ер адам бағдаршамда тұрған теміржол құрамының арасынан өтіп кетпек болған екен.
Автор: Ұлан Нұрахмет
15.04.2025
Қайғылы жағдай шаһардың қақ ортасында болды. Тоқтап тұрған пойыздың толық жүріп кеткенін күтпей, әйел вагондардың арасымен өтіп кетуге әрекеттенген. Алайда бірнеше секундтан кейін пойыз орнынан қозғалып жүре бастаған. Сол мезетте, марқұм дөңгелектің астында қалып қойған. Куәгерлер әйелді вагонның астынан шығарып үлгергенімен, ол оқиға орнында көз жұмды. Қазір осы оқиға бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!