{metadescription}
0:000:00
Тасқын: Үкімет басшысы бірқатар әкімнің жұмысын сынады

Тасқын: Үкімет басшысы бірқатар әкімнің жұмысын сынады

Су басу қаупі бар аймақтар биыл көктемде тасқыннан аман шықты. Дегенмен Үкімет тапсырмасын дер кезінде орындамай, ауданның да, тұтас облыстың да атына кір келтірген әкімдер бар. Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысындағы Бұланды мен Астрахан аудандары әкімдерінің жұмысын сынап, төмен баға берді.

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

Билік қажет шараларды уақтылы қабылдамаған. Айта кетейік, дәл осы елді мекендерді жыл сайын су басады. Демек Ақмола облысында қабылданып жатқан шаралар тиімсіз. Су деңгейі үлкен де емес, оған тосқауыл қоюға болатын еді.

Жағдайды уысынан шығарып алған қос әкімге қатаң сөгіс берілген. Жалпы салғырт жасалған жоспардан ауылға баратын жолдың бәрі шайылып кетіпті. 100-ден астам жер үй де пайдалануға жарамсыз болып су астында қалған. Премьер-министрдің айтуынша, қарғын судың алдын алуға мүмкіндік болыпты. Былтырмен салыстырғанда ауыл маңына жақындай түскен қызыл судың деңгейі айтарлықтай төмен болған. Алдын алу шараларын дер кезінде қолға алғанда, адамдар баспанасыз қалмайтын еді деді Олжас Бектенов. Ал өз кезегінде су және ирригация министрі тасқынға күннің ерте жылынып, қардың еріп кетуі себеп болды деп отыр.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

Ақмола облысындағы тасқынға бірнеше себеп: қар ерте еріді, күн жылып кетті. Ақмола облысының әкімі баяндамасында бір айдың ішінде бір жарым норма су түсіп, осы екі фактор қосылды да, су көлемі асып кетті деп келтірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.