{metadescription}
0:000:00
Экология министрі: «Қызғалдақ жұлған адамға айыппұл төлету — дұрыс»

Экология министрі: «Қызғалдақ жұлған адамға айыппұл төлету — дұрыс»

Түркістан облысында қызғалдақ теремін деп басы дауға қалған әйелге 12 миллион теңге айыппұл төлету — дұрыс деп санайды экология министрі. Нысанбаевтың сөзінше, заң — ортақ, сондықтан кім көрінген Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұла берсе, болашақта не болмақ? 

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Заңға сәйкес, бұл жерде ол кісіге артық кетіп жатқан жағдай жоқ. ҚР ҚК 339-бабына сәйкес, 3000 нан 7000 АЕК көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылған. Сол себепті бұл жерде барлығы заңға сәйкес.

Өткен аптада Ордабасы ауданында далада гүл жинап жүрген келіншектің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Әйел тез табылып, қылмыстық іс те лезде қозғалды. Сөйтсе бұл гүлдер Қызыл кітапқа енген, жұлуға болмайтын асыл тұқымды Грейг қызғалдағы екен. Күдікті сол маңда ілінген арнайы ескертпе тақтайшаларға да мән бермеген. Ережені елемеген Шымкент тұрғыны енді қайткенде де 12 млн теңге айыппұл төлеуге мәжбүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.