Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан бес жылдың ішінде Ыстықкөлдегі қонақ үйлерін жаңартуы керек
Қазақстан Ыстықкөл жағалауындағы қонақ үйлерден айырылып қалуы мүмкін. Бүгін Қырғызстан үкіметі елімізге тиесілі су жағасындағы төрт пансионатқа қатысты келісімге өзгерістер енгізді.
Автор: Ақтоты Жұмабек
15.04.2025
Жаңа құжатқа сәйкес, Қазақстан алдағы бес жылдың ішінде Қырғызстандағы қонақ үйлерді жаңартуы қажет. Яғни «Қазақстан» шипажайы төрт жұлдызды, ал «Университет» пен «Самал» қонақүйлері үш жұлдызды деңгейге көтерілуі тиіс. «Олимп» толыққанды спорт базасына айналуы керек. Бұл шарттар бес жылдың ішінде орындалмаса, нысандар көрші елдің меншігіне қайтарылады.
Айта кетейік, осыдан 14 жыл бұрын Қырғызстандағы пансионаттарды Қазақстан 49 жылға жалға алған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram