{metadescription}
0:000:00
Ұлттық банк ескі үлгідегі долларды коммерциялық банктерден сатып алуға кірісті

Ұлттық банк ескі үлгідегі долларды коммерциялық банктерден сатып алуға кірісті

Ескі доллардың жайы не болмақ? Біраз қазақстандықтарды, әсіресе шетелге көп шығатындарды осы сұрақ алаңдатып отыр. Алды тіпті 2013 жылға дейін шыққан АҚШ ақшасын қабылдаудан жаппай бас тартып жатыр. Соның салдарынан «ақ» доллар қаржы ұйымдарында жиналып қалған. 

Қазақстаннан бөлек, қазір бірқатар елде ескі доллар мүлдем қабылданбайды екен. Енді бірінде ескі және жаңа АҚШ ақшасы әртүрлі бағаланатын болған. Яғни «ақ» доллар әлдеқайда арзанға айырбасталады. Біздің туристердің тек «көк» долларды сұрауына осы жағдай себеп. Соның салдарынан ақша айырбастау орындары тығырыққа тіреліпті. Тіпті ескі долларды сатып алған сомадан арзанырақ бағаға өткізуге «мәжбүр болдық» деп отыр. Дегенмен қазір Ұлттық банк осы проблеманы шешу үшін ескі үлгідегі долларды коммерциялық банктерден сатып алуға кірісіпті.

Асан Ахметжан, ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінің жетекшісі:

Осы мәселені шешу мақсатында Ұлттық банк банктерден бұл сұранысқа ие болмай қалған ескі үлгідегі долларларды қабылдап, оларды федералды резерв жүйесіне тапсырып, айырбастайтын болды. Жыл басынан бері осындай механизммен 86 миллион доллардан астам қолма-қол доллар шығарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.