{metadescription}
0:000:00
Алматыда бір топ мұғалімді концертке билеп сатып алуға мәжбүрлеген

Алматыда бір топ мұғалімді концертке билеп сатып алуға мәжбүрлеген

«Кісі басына 5 мыңнан жинап, концертке билет алдырып жатыр». Алматыда бір топ колледж мұғалімі «Алатау серілері» тобының өтетін жеке кешіне мәжбүрлі түрде билет алғанын айтып арызданды. Шағым мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевқа да жолданыпты.

Дәулет Мұқаев, Мәжіліс депутаты:

Мұғалімдерді «5 мың теңгеден жинайсың», «оны ешкімге айтпаңдар», «ақша әкеліп беріңдер» деген барып тұрған заңсыздық. Мұны тіпті "Алатау серілері" де, мәдениет басқармасы да білмеуі мүмкін. Ортада кейде делдалдар жүреді. Болмаса кейбір адам бар, билеттің пайызынан пайда көреді. Соны алады да, колледж бе, директорлары да үстемдігін пайдалануы мүмкін.

Осы мәселені даулап бір күнде бірнеше адам хат жазды дейді депутат. Барлығы колледж ұстазы екен. Тек аты-жөнін елге жария етпеуді сұраған. Өйткені басшылардан одан бетер қысым көріп, жұмыстан айырылып қаламыз ба деп алаңдайды.

Дәулет Мұқаев айтқандай, мәдениет пен білім басқармалары мәселеден бейхабар екен. Айтуларынша, мәжбүрлі билет саудасына қатысты ешқандай талап-арыз түспеген. Әйтсе де 5 мыңның мәселесі Мәжіліске дейін жеткен соң, колледж басшылары оқытушыларға ақшасын қайтарып беріпті. Кештің қызу дайындығында жүрген «Алатау серілері» тобы да аң-таң. 

«Алатау серілері» тобы:

Әлдебір бейтаныс адам 1 мамырда өтетін «Алатау серілері» тобының концертіне мұғалімдерге мәжбүрлі түрде билет сатылып жатқанын жеткізді. Біз, "Алатау серілері" тобы бұл хабардан, бұл жайттан бейхабар екенімізді жеткізгіміз келеді. Егер мәжбүрлі түрде билет сатылып жатса, оны дереу доғаруды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде