{metadescription}
0:000:00
Астана маңындағы Дамса тұрғындары суға жарымай отыр

Астана маңындағы Дамса тұрғындары суға жарымай отыр

Астана маңындағы Дамса ауылының тұрғындары ішу мен тамақ дайындауға емес, тіпті жуынатын суға жарымай отыр. Крандағы суға жуынғаннан кейін адамдардың бүкіл денесі қыши бастайды екен. Ауызсудан ада қалдық деген тұрғындардың жайын КТК тілшісі біліп келді. 

Дамса ауылына су қаладан ауылға арнайы көлікпен тасылады. Алайда бұл мәселенің шешімі емес, өйткені, сол су да ауылдағы барлық отбасыға жетпейді. Табыстың басым бөлігі ауызсуға кетіп жатыр деп ашынады тұрғындар.

Оксана Грабовская:

Үйге фильтр орнаттық. Міне, бұлар ең көбі екі ай қызмет етті. Біз оны демалыс күндері ғана қолданамыз. Өйткені жұмыс күндері қаладамыз. Соның өзінде фильтрдың жағдайы осы.

Светлана Семенова:

Тоқсан адам осы судан денесі қышығанын айтты. Ыдыс-аяқты жуу мүмкін емес, қауіпті. Мысалы, мен суды тек қаладан әкелемін. Киім-кешегімді де қалаға барып жуамын, өйткені машинадағы сүзгі бітеліп қалады. Балаларды бұл сумен жуындыру мүмкін емес.

Түсі қарайып кеткен сүзгінің өзі адам шошырлық. Бұл ауылдағы ауызсу сапасын айқын көрсететін мысал.

Ауыл тұрғындарының үйінде кран бар, су да да ағып тұр. Бірақ мәселе су сапасында. Алты айда бір ауыстыру керек болған фильтр екі айдың ішінде жасыл түске боялған. Судың иісі де бар, оны ішпек түгілі, беті-қолыңды жууға қорқасың.   

Ауылда жыл сайын су жүйесіне фильтр ауыстыруға қаржы бөлініп, түрлі жөндеу жүргізілгенімен, нақты нәтиже жоқ. Мұның себебін жергілікті билік те түсіне алмай отыр.

Шолпан Ахметова, Шортанды ауданы әкімінің орынбасары:

Бұл мәселе жергілікті қоғамдастықпен бірнеше рет талқыланды. Мұнда су резервуарын тазарту бойынша жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар осы айдың жиырма бесіне дейін фильтр құрылғылары ауыстырылып жатыр.  

Ауыл билігі аталмыш мәселе айдың аяғына дейін шешіледі деп сендіріп отыр. Алайда бірнеше жылдан бері жыр болған мәселе екі аптада шешіледі дегенге тұрғындар сенуден қалған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде