Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Ойын алаңында ажал құшты». Астанада 6 жасар баланы жүк көлігі басып кетті
Ойын алаңына шығып, ажал құшты. Астанада велосипед теуіп жүрген 6 жасар баланы жүк көлігі басып кетті. Ауыр жарақат алған бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Автор: Дастан Қуандық
24.04.2025
Қайғылы жағдай тұрғын үйдің ауласында болған. Жүк көлігі ауладағы құрылыс қоқысын алып кетуге келіп, айналып өте бергенде, велосипед теуіп жүрген баланы байқамай басып кеткен.
Алты жасар ойын баласының дәл осы жерде жүк көлігінің астында қалуы жай жол апаты емес. Бұл үш жылдан бері айтылып, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Тұрғындар дабыл қағып, қауіпсіздік үшін күресіп келеді. Бірақ олардың жанайқайын ешкім тыңдамаған. Енді нақты шешім қабылдауға адам өлімі себеп болуы керек пе дейді.
Тұрғындардың айтуынша, аулада бірде-бір жол белгісі жоқ. Ал көлік қозғалысын реттейтін ешқандай қауіпсіздік шарасы қарастырылмаған. Сондықтан енді осындай оқиға қайталанбас үшін мәселенің дереу шешілуін талап етіп отыр.
Динара Төлегенова:
— Былтырдан бері әкімдікке де, полицияға жазып жүрмін, Е-өтініш бойынша. Біздің үйден, Binom таным мектебіне дейін балаларға жүргіншілер жолын жасап беріңіз деп сұрадым. Полицияға да жаздық бірнеше рет. Жаяу жүргіншілер жолын орнатамыз деді, сонымен жауапсыз қалды.
Ал полцияның өз уәжі бар. Бұл кешен әлі пайдалануға толық берілмеген, сондықтан қажетті жол белгілері де әлі қойылмаған.
Бауыржан Бәкір, Астана ПД жол-техникалық инспекция бөлімінің аға инспекторы:
— Құрылыс компаниясы үйді пайдалануға әлі бермегендіктен, құжаттары толық болмағандықтан, бұл жерде техникалық құралдар қойылмаған. Алдағы уақытта ОСИ-ға «мүлік иелерінің бірлестіктері) немесе , ПИК-ке берген кезде, біз, әкімшілік өз тарапынан, келісімге қол қойып, қай жерге қою керек екеніне көмектеседі.
Ауыр жүк көлігінің астында қалған 6 жасар ұл бала дереу ауруханаға да жеткізіліпті. Бірақ жарақаты тым ауыр болды деп отыр дәрігерлер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram