{metadescription}
Алматылық азамат Бурак Өзчивитке ұлының тұсауын кестірді
Кино индустриясымен қатар, той бизнесіне көшкен сыңайлы. Түріктің танымал актеры Бурак Өзчивит Алматыда тұсау кесіп жүр.
Автор: Ақтоты Жұмабек
06.05.2025
Кино жұлдызына Қуаныш Шынтеміров есімді азамат ұлының тұсауын ырымдап кестірген. Актерға ұқсап өнерлі, талантты, танымал болсын деген ниетпен. Бұған бірақ желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Көбі «енді жетпегені осы еді» деп, түрік актерін сынға алып жатса, енді бірі қолдау білдірген. Ал бүлдіршіннің әкесі қазақы салт-дәстүрге сай, сый-құрметін көрсетіп, Буракқа алғысын білдірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!