«Сасық» деп аталатын әлеуметтік драманың тұсауы кесілді
Алматыда «Сасық» деп аталатын жаңа отандық кинотуындының тұсауы кесілді. Фильм үйсіз қалған қарт пен жол бойындағы дәретханадан табылған өзге ғаламдық туралы. Комедия мен қиял-ғажайыпқа толы әлеуметтік драма болғанымен, кинотуынды адами құндылықтарды насихаттауды көздейді.
Автор: Ақтоты Жұмабек
07.05.2025
Фильмнің сюжеті Қазақстанның шалғайдағы ауылында өрбиді. Ауыл әкімі лауазымды тұлғалардың келуіне дайындалып жатады. Әйелі қайтыс болғаннан кейін көшеде қалған Садық Оспанұлы есімді қарт ұшатын беймәлім нысанның құлағанын байқап қалады. Осы сәттен бастап әкім, өмірден шаршаған сатушы Надежда мен аңқау полицей Бауырдың адам нанғысыз оқиғалар тізбегі басталады. Фильмнің режиссері — Ерден Тілемісов. Бұл туынды оның он бірінші жобасы. Фильмнің бюджетіне шамамен 600 мың АҚШ доллары кеткен екен. Негізгі түсірілім Алматы облысында болса, біраз эпизоды Қонаев қаласында өткен. Көрерменнің көңілінен шығу үшін 150-ден аса кәсіби маман ат салысыпты. Тұсаукесерге ұйымдастырушылардан бөлек, актерлік құрам мен режиссерлер тобы да арнайы қатысты. Кинотуынды ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.
Гүлнәр Сәрсенова, фильмнің бас продюсері:
— Бұл идея алғаш Ерден Телемісовке келді. Ол маған барлық сюжетті баяндап берді. Маған бірден ұнады. Мен бірден келістім. Өзге ғаламшарлықтың костюмін жасауға алты ай уақыт кетті. Түсірілім кезінде алты сағат оны киіндірдік, төрт сағат шешіндік. Елестетіп көріңізші, мен мұны актерлік ерлік деп есептеймін. Сондықтан фильм өте қызықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!