Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Қырғызстанның тұңғыш президентіне жерлестері жұмыртқа лақтырды
Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың Германиядағы отандастарымен кездесуі жанжалмен аяқталды.
11:03 11.12.2017
Ақаев жерлестерімен кездесуге әйелі мен қызын ертіп келген. Бұл іс-шараны KyrgyzClub–Germany қауымдастығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан
Қатысушылардың арасында бұрынғы президенттің қарсыластары да бар болып шыққан. "Акаев кет" деп жазылған плакат ұстап келген олар шараны әлеуметтік желіде тікелей эфирде таратқан.
Кадрда кей адамдар Ақаевтың сөзін бөліп, қырғызша сөйлеуін талап етеді.
"Олай бұйырмаңыз. Сіз Қырғызстанда емес, демократиялық Германияда жүрсіз. Қай тілде сөйлегім келсе, сол тілде сөйлеймін", — деп жауап берді тұңғыш президент.
Сөзінің соңында ол кездесуге қатысушылармен қоштасқан, алайда оған кей адамдар сұрақ қоя бастайды. Ақаев ештеңе айтқым келмейді деп жауап берген.
Сол сәтте ер адам оған жұмыртқа лақтырады. Оны көрген бұрынғы президенттің қызы Бермет Ақаева жас жігітке келіп, полиция шақыратынын айтады. Әлгі жігіттен әкең жемқор деген сөзді естіген ол оны бірнеше рет ұрып жібереді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram