{metadescription}
Тарихтағы ең қызықсыз фильмдер

Тарихтағы ең қызықсыз фильмдер

Британдықтар тарихтағы зеріктіретін, ең қызықсыз филмдерді іріктеді.

«50 оттенков серого» және «Горбатая гора» фильмінің арасында қандай ортақ ұқсастық бар? Ұқсастығы – осы фильмдерді қарап отырғанда ішің өлердей пысады, деп жазады Вести.ру. 

Ұлыбританияның екі мыңнан астам көрермені, сондай-ақ жетекші киносыншылар кинематография тарихындағы адамды жалықтыратын  фильмдер топтамасын құруға қатысты.

Бірінші орында - сенсациялық эротикалық мелодрама.

Сауалнамаға қатысқандардың 34% «50 оттенков серого» фильмін көрерменді зеріктіретін фильм деп таныды.

Бір қызығы, бұл рейтингке аталмыш фильмнің екінші бөлімі енген жоқ.

Ал «Ведьма из Блэр: Курсовая с того света» фильмін тіпті өз жанрында табындырған деген аты да құтқара алмады. Бұл картина екінші орында - 29% көрермен дауыс берді.

Ондыққа мына фильмдер енді:

«Звёздные войны: Эпизод I - Скрытая угроза»,

«Горбатая гора» гей-драмасы  («Оскар» марапатына үміткер атанған), бірінші «Трансформерлер», «Почтальон» постапокалиптикалық атыс-шабыс,  «Артист», «Австралия», «Ванильное небо»,  «Семь лет в Тибете». 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.