Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«АрселорМиттал» шахтерлардың жағдайы туралы ақпарат таратты
Ереуілдеген шахтерлер ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, оқиға орнында реанимациялық-көшпелі топ кезекшілік жасап жатыр, деп хабарлады "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.
08:25 13.12.2017
Компанияның мәліметінше, келісу комиссиясы жұмысты жалғастыруда.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілігі шахталардағы кеншілерді ыстық тамақпен, құрғақ шұлғаумен және шаммен қамтамасыз етуде. Кәсіпорынның денсаулық сақтау орындары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, реанимациялық-көшпелі топ кезекшілік жасауда. Шахтерлер дәрігерлердің көмегіне жүгінген жоқ", — деп жазылған хабарламада.
Компания шахталардың ауысым басшылары әр екі сағат сайын "Көмiр" әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі мен өздерінің басшыларына істің мән-жайын хабарлап отырғанын атап өтті.
Айта кетейік, желтоқсан күні "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның жұмысшылары ауысым аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетуден бас тартты. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жалақыны көтеруді талап етіп ереуілге шыққан кеншілердің саны 600-ден асатынын хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram