{metadescription}
Дариға Назарбаева кеншілердің ереуіліне қатысты түсініктеме берді

Дариға Назарбаева кеншілердің ереуіліне қатысты түсініктеме берді

Сенат депутаты Дариға Назарбаева Қарағанды облысындағы кеншілердің жағдайына қатысты түсініктеме берді.

«Мемлекет басшысы елде болып жатқан барлық  жағдайлардан хабардар және Қарағанды облысындағы іс-шараларды барынша  қадағалайтынына сенімдімін – Қарағанды облысы оған жат жер емес, оның проблемалары оған да, бәрімізге де маңызды. «АрселорМиттал Теміртау» әкімшілігі бұл жанжалды ушықтырып жібергені өкінішті. Кеншілердің жалақы мәселесі  бірінші рет көтеріліп тұрған жоқ, олар әрдайым талап етті. Әрине, кеншілердің еңбек жағдайы қиын, басын қауіп-қатерге тігіп жұмыс істеуде деп айтуға болады », - деді Дариға Назарбаева.

«Кеншілердің қойып отырған талаптары бізге белгілі, олар жалақысын 100 пайызға көтерілуін қалайды, бірақ біз зауыттың өзіндегі экономикалық жағдайды ескеруіміз керек, мысалы, біз ондағы жағдайды білмейміз. «Арселор Миттал Теміртау» әлі де осы ақпаратты жарияламай отыр – олар жалақыны 100 пайызға көтеруге экономикалық мүмкіндігі бар ма? Кез келген жағдайда, тараптардың ымыраға келіп, өзара келісімге келуіне қол жеткізгім келеді », - деді  Дариға Назарбаева ҚР Сенаты сыртында журналистердің берген сұрағына.

 «Үкімет басшысы Сағынтаев бұл мәселені бақылауда ұстап отыр. Компания әкімшілігімен әрдайым телефон арқылы келіссөздер жүргізілуде. Министрлер пікірлерін білдірді. Сондықтан бұл мәселе назардан тыс қалмайды. Компания сотқа шағымдануға құқылы, ешкім олардың құқығына тыйым сала алмайды. Содан кейін іс сотта қаралып, сот шешіміне байланысты болмақ. Кабинеттен басқару туралы сұрағыңызбен сізбен келісемін. Әрине, министрліктің өкілдері сол жерде болуы тиіс еді, жанжал болып жатқан жерде қос тараппен келіссөздер жүргізуі керек еді », - деді Дариға Назарбаева.

ДЕРЕККӨЗ: tengrinews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде