{metadescription}
ВИДЕО: Гранатаны қолынан түсіріп алған қытайлық сарбаз аман қалды

ВИДЕО: Гранатаны қолынан түсіріп алған қытайлық сарбаз аман қалды

Қытайдың Сиань қаласындағы әскери оқу-жаттығу орнында сарбаздың қателігінен граната жарылып, оқыс оқиға тіркелді.

Қытайлық china.com порталының хабарлауынша, оқыс оқиға әскер сапына жаңадан қосылған сарбаздарды граната лақтыруға жаттықтыру кезінде орын алған. Жарылғыш заттың сақтандырғышын ағытқан сарбаз, қолындағы гранатаны кездейсоқ түсіріп алған. Алайда, жағдайды бақылап тұрған командир жедел әрекетке келіп, сарбазды өлімнен арашалап қалды.

Командирдың айтуынша, граната қолдан түсіп кеткен кезде, ол сарбазды денесімен қорғап қалуға әрекеттенген. Граната олардан 1 метр жерде жарылса да, екеуі дін аман қалды.

Дерексөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде