Видео: Алматыдағы "Үш-қоңыр" базарында өрт шықты
Алматыда "Үш-қоңыр" базарындағы техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шықты.
12:13 03.01.2018
Төтенше жағдайдың видеосын куәгерлер портал редакциясына жолдады , деп хабарлайды тengrinews.kz
Өрт жайлы мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
"Үш-қоңыр" базарының аумағында бір қабатты ғимарат өртеніп жатыр. Өрттің аумағы анықталып жатыр. Оқиға орнында 24 өрт сөндіруші мен 8 арнайы өрт техникасы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жайлы мәлімет түскен жоқ", - деп хабарлады Руслан Иманқұлов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!