Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елімізде балаларды тіркеудің бірыңғай базасы құрылады
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев балаларды тіркеуге арналған бірыңғай ақпараттық база құру және оны мәліметтер базасының Ұлттық реестріне енгізу туралы ұсынысты қолдады.
15:50 05.01.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Аталған ұсынысты бұдан бұрын бала құқықтары бойынша өкілетті Зағипа Балиева білдірген болатын.
Премьер-Министр өз сөзінде білім ұйымдарынан, жергілікті атқарушы органдардан, статистикалық бақылаудан алынатын мәліметтердің барлығы енгізілетін білімнің бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істеп тұрғанын еске салды.
«ҚР БҒМ бұған дейін ақпараттық жүйе - Ұлттық білім мәліметтер базасын құрды. Аталмыш ақпараттық жүйе тұрақты түрде жаңартылып отырады. 2018 жылдың соңына дейін аталған ақпараттық жүйені түрлендіру аясында 0-18 жастағы балалардың есеп жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Осы жүйе арқылы балалардың білім саласындағы, әлеуметтік көмек және өзге де қажеттіліктері қамтамасыз етіледі», - делінген депутаттық сауалдың жауабында.
Үкімет басшысы Әділет, БҒМ, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің арасындағы балаларды тіркеу бойынша ақпараттық жүйе үшін 0-18 жастағы балалар туралы мәлімет ай сайын өзара алмастырылып тұратынын хабарлайды.
«Осыған байланысты балаларды тіркеудің бірыңғай ақпараттық базасын ҚР БҒМ Ұлттық білім мәліметтер базасын жетілдіру жолы бойынша құрылады», - дейді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram