{metadescription}
Елбасының Беларусь сапары туралы деректі фильм жарық көрді

Елбасының Беларусь сапары туралы деректі фильм жарық көрді

ҚР Президентінің Телерадиокешені «Астана-Минск: Ортақ тарих, ортақ болашақ» атты деректі фильм түсірді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Біз көпшіліктің көңілінен шыққан «Взгляд на мир» деректі фильмдер циклын Президентпен бірге  жалғастырып келеміз. Соңғы туындыдан біз Елбасының 2017 жылғы Беларуське жасаған сапары туралы көбірек білетін боламыз. Аталмыш фильмде екі ел арасындағы экономикалық, саяси қатынастар және әлеуметтік аспектілер туралы айтылады.Сондай-ақ, екі мемлекет туралы пайдалы ақпараттар мен хай-тек саласы туралы көрсетіледі», деп жазылған Президент Телерадиокешенінің Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының Минскіге сапары қарашаның аяғында өткен болатын. Кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел «ынтымақтастықтың ең жоғарғы деңгейінде» екендігін жеткізген еді.

Сонымен қатар, бірнеше құжаттарға қол қойылған. Оның ішіндегі ең маңыздысы - 2026 жылға дейінгі  әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы құжат. Елбасы, сондай-ақ, Минскіде  ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысқан болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

07 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде