Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жеке куәлікті жедел алудың жаңа бағасы қанша?
«Ашық мәліметтер» порталы жеке басты куәландыратын құжаттарды жеделдетілген тәртіппен беру қызметіне бағалар көрсеткішін талқылауға ұсынды.
09:30 03.02.2018
Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары үшін жеке куәліктерді жеделдетілген тәртіппен беру қосылған құн салығын қоса алғанда бірінші санаты үшіне 1 күннің ішінде дайындау 4 мың, ал екінші санатта 3 жұмыс күнінің ішінде дайындау 2 мың теңгені құрайтын болады.
Ал облыстық маңызы бар қалалар үшін бірінші санаттағы жедел құжат дайындау үшін 3 жұмыс күніне 4 мың теңге, екінші санатта 5 жұмыс күніне 2 мың теңге төлеуге тура келеді.
Ал облыстарға қарасты аудандар мен қалалардың тұрғындары 1 мың теңге төлеп, 7 жұмыс күнінің ішінде жеке кәліктерін ала алады.
ҚР Ішкі істер министрі бұйрығының бұл жобасын талқылау 16 ақпанға дейін жалғасады.
Қазіргі уақытта жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен 2 жұмыс күнінде дайындау үшін 1989 теңге (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін) төленеді.
Дәл осы сомаға 4 жұмыс күннің ішінде облыс орталықтарында жеке куәлік дайын болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram