{metadescription}
Францияда екі әскери тікұшақ апатқа ұшырады
Францияның оңтүстік-шығысында Вар департаментінде екі әскери тікұшақ апатқа ұшырады.
08:15 03.02.2018
Оқиға салдарынан кем дегенде бес адам қаза тапты.
БАҚ ақпараты бойынша, апатқа ұшыраған Gazelle үлгісіндегі екі әскери тікұшақ.
Екеуінің де Ealat әскери мектебіне тиесілі екендігі анықталды. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Олар тікұшақтың бірінде болуы мүмкін алтыншы адамды іздестіруде. Әуе апатының мән-жайы әзірге белгісіз.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!