{metadescription}
ФОТО: Қарақшылар күйеуінің көзінше әйелін айуандықпен өлтірген

ФОТО: Қарақшылар күйеуінің көзінше әйелін айуандықпен өлтірген

Ақша ұрлау мақсатымен ерлі-зайыптылардың үйіне басып кірген қарақшылар іздегендерін таппаған соң аса қатыгез қадамға барған.

44 жастағы Кристина Амарал мен оның күйеуі Ювеналдың мәйіті Бразилияның Камасари қаласындағы ерлі-зайыптылар үйінің артқы ауласындағы таяз қазылған шұңқырдан табылған.

Сот сарапшыларының айтуынша, 57 жастағы ер адам аяусыз соққыға жығылып, бірнеше пышақ жарақатын алған. Мұнымен қоймай, қаскөйлер ер адамды әйелін қалай зорлап жатқандарын көруге мәжбүр еткен.

Қарақшылар ерлі-зайыптыларды 24 сағат бойы азаптаған. Детектив Мария Тереза Сантостың айтуынша, адам жегіш қылмыскерлер құрбандарының етін тірідей жеген.

Қазіргі таңда кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы Даниэль Сантос Невес пен 25 жасар Карлос Альберто Нерес және 13, 14, 16 жастағы тағы үш жасөспірім ұсталды.

Ұстау барысында күдіктілерден 12-калибрлі мылтық, тапанша және қаза тапқан ерлі-зайыптыларға тиесілі автокөлік табылды. 
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде