Екі күн бойы жер астында қалған 955 кенші құтқарылды
Оңтүстік Африка Республикасында кенеттен жарық сөніп жер астында қалған 955 кеншіні құтқару операциясы сәтті аяқталды. «Шахтерлер "Беатрикс" алтын кенішінде сәрсенбіде электр желісінің ақауы салдарынан екі күн бойы жер астында қалуға мәжбүр болған. Электршілер осыншама уақыт бойы лифтілерді іске қосуға әрекеттенген. Лифтінің біріне тек жұмада, таңертең ғана тоқ беріліп, кеншілер жоғарыға шықты. 100 метр тереңдіктегі кеніштің иесі Sibanye-Stillwater компаниясы өкілінің айтуынша, шахтерлер зардап шекпеген.
15:11 03.02.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!