{metadescription}
Арулар байқауына қатысқан жігіт

Арулар байқауына қатысқан жігіт

Алматылық жігіт Miss Virtual Kazakhstan арулар сұлулық байқауының финалына дейін жеткен.   

22 жастағы Илай Дягилев конкурсқа қатысу үшін шымкенттік ару Арина Әлиеваның бейнесінде фотосуреттерін жолдайды. 

Жас жігіттің фотосы қазақстандықтардың көбісіне ұнап, сайыстың финалына дейін жеткен.   

"Достарыммен сұлулық тақырыбында дауласып қалдым. Содан осы байқауға қатысайын деп шешім қабылдадым. Мен табиғи сұлулықты қолдаймын. Қазір, өздеріңіз көріп отырсыздар, барлық қыз бірдей боянып, киінеді және олар заман ағымынан қалмасам, әдемі көрінемін деп ойлайды. Мен олай есептемеймін", — деп пікір бөлісті Илай.

"Мен финалға дейін жетіп, жағдайдың ушығып бара жатқанын түсінгенде Арина Әлиеваның кім екенін айтайын деп шештім. Қазақстаннан 4 мыңға жуық өтінім түсті, соның ішінде мен финалға өттім", — деді Дягилев.

Айта кетейік, осы жағдайдан кейін Miss Virtual Kazakhstan-2018 ұйымдастыру комитетінің шешімімен оңтүстік қазақстандық Арина Әлиева жалған мәлімет бергені үшін сайыстан шығарылып, орнына басқа ару қатыстырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде