{metadescription}
Ер адам әйелінің бүйрегін өзіне білдірместен сатып жіберген

Ер адам әйелінің бүйрегін өзіне білдірместен сатып жіберген

Ер адам әйелінің артынан келген жүкке көңілі толмай, оның бүйрегін өзіне айтпастан сатып жіберген.

Мұны кейін білген әйел күйеуін сотқа берді.

28 жастағы Рита Саркардың осыдан екі жыл бұрын іші ауырған.

«Күйеуім Калькуттадағы жеке меншік емханаға апарды. Дәрігер ота жасап, соқыршекті алып тастағаннан кейін бәрі жақсы болатынын айтты. Бірақ отадан кейін де ішімнің ауырғаны баслмай, одан сайын қатты ауыра бастады», – дейді ол.

Күйеуі әйеліне бұл ота туралы біреуге айтуға, тіпті, дәрігерге қайта көрінуіне тыйым салған. 3 айдан кейін әйелді өзінің туыстары емханға апарды. Осыдан кейін дәрігер Ританың оң жақ бүйрегі жоқ екенін байқаған.

«Күйеуімнің ешкімге айтпа деу себебін түсіндім. Ол менің бүйрегімді сатқан. Себебі менің туыстарым оның талаптарын қанағаттандырмайтын», – дейді әйел.

Рита күйеуінің, оның ағасының және анасының үстінен шағым түсіреді. Күйеуін 5 ақпанда тұтқындады. Тергеу барысында олар бүйректің  Чхаттисгархтағы кәсіпкерге сатылғанын  мойындады.

Олардың некелескеніне 12 жыл болған сонда күйеуінің туыстары әйелдің артынан келген азғантаай мүлік үшін оны қорлап келген.

Кеше

12 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.