{metadescription}
Ан-148 бортында қазақстандықтар болған жоқ

Ан-148 бортында қазақстандықтар болған жоқ

лдын ала мәлімет бойынша, 11 ақпан күні Ресейде апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.

«  Ан-148 ұшағында болған жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары болған жоқ. Ресейдегі ҚР дипломаттары жергілікті қызметтермен тікелей байланыста. Әуе апатында қаза болған барша жандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазды Әнуар Жайнақов əлеуметтік желіге.  

Еске салсақ, 11 ақпанда Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кеткен болатын. Кейін ұшақ қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылған.  

«Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды. Олардың барлығы ашал құшты.  

Апатқа не себеп болғандығына қатысты ресми ақпарат əзірге жоқ. Тергеу комитеті  қайғылы оқиға ауа райының нашарлауы, экипаждың қателігі, сондай-ақ техникалық ақау салдарынан болуы мүмкіндігін айтуда.

 


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде