Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Барак Обамаға Гонконгтан ақ ұнтақ салынған конверт келді
Гонконгтан белгісіз адам Барак Обамаға ақ ұнтақ салынған конверт жолдады. Конвертті ашқаннан кейін кеңсеге полиция қызметкерлері шақырылды. 13 ақпан күні АҚШ-тың экс президенті Барак Обаманың кеңсесіне ақ ұнтақ салынған конверт келді. Обаманың кеңсесі жабайы табиғат Дүниежүзілік қорының ғимаратында орналасқан. Конверттің сыртында хаттың кімнен келгені жазылмаған. Естеріңізге сала кетсек, 12 ақпан күні осыған ұқсас конвертті Дональд Трамптың келіні ашып, осыдан кейін ауруханаға түскен болатын.
12:23 14.02.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!