Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиадада 232 адам норовирус жұқтырып алған
Соңғы кезде 30 жаңа науқастың ауруханаға жатқызылғаны атап өтіледі. Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарында норовирус жұқтыру фактілерінің саны 232-ге жетті. Соңғы кезде 30 жаңа науқастың ауруханаға жатқызылғаны атап өтіледі. Ауырғандардың арасында спортшылар мен шетелдік делегацияның мүшелері жоқ. Бұған дейін вирус жұқтырудың 192 фактісі туралы хабарланған болатын. Вирустың жылдам тарауының салдарынан Олимпиада ойындарының ашылуының алдында 1,2 мың күзетші жұмыстан шеттетілген.
18:25 15.02.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!