Мектептегі атысқа қатысты басты күдікті ұсталды
Күдікті Николас Круз мектепке таксимен келген.
11:28 16.02.2018
Флоридадағы Броуард округының шерифі Скотт Исраэл мектептегі атыс кезінде қаза тапқан он жеті адамның есімін атады.
Николас Круз атыстан кейін мылтығын тастап, мектептен шыққан да, адамдардың қалың тобы арасында жүрген.
Біраз уақыт Walmart супермаркетінде жүріп, Subway дәмханасына барған, кейін McDonalds-та отырған.
Қырық минуттан соң дәмханадан шыққанында, оны полиция ұстады.
Круз қарсылық көрсеткен жоқ.
Еске сала кетейік, оқиға Флорида штатында (АҚШ) Паркленд қаласындағы Marjory Stoneman Douglas мектебінде орын алған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!