ФОТО: Сиам егіздерінің бірігіп кеткен жүрегін ажырату үшін 75 дәрігер 7 сағат ота жасады
АҚШ-тың Техас штаты Хьюстон қаласындағы балалар ауруханасында сиам егіздерінің бірігіп кеткен жүрегін ажырату үшін 75 дәрігер ота жасады.
15:19 18.02.2018
Ота 7 сағатқа созылған. Анна және Хоуп Ричардс есімді сиам егіздері 2016 жылы 29 желтоқсанда дүниеге келген.
Жүктіліктің 35-аптасында дүниеге келген сәбилердің салмағы 4,4 келі болыпты.
Олардың денесімен қоса, жүректерімен жалғасқан қан тамыр бірігіп кеткен екен. Дәрегерлер жүктілік кезінде олардың анасына сәбилерінің бар өмірі ауруханада өтуі мүмкін екенін ескертіпті.
Қуанышқа орай, дәрігерлердің болжамы бұрыс болып, Техастағы балалар ауруханасының дәрігерлері егіздердің жүрегін ажыратты.
Қазіргі уақытта егіздер дәрігерлердің жіті бақылауында. Олар денсаулығы толықтай қалпына келгеннен кейін ауруханадан шығарылады.
75 дәрігердің араласуымен өткен отаға дайындақ 11 ай бұрын басталыпты. Ол кезде сәбилердің терісі ажыратуға бейімделуі үшін, денесіне тінді созатын құрал қойылған.
Ал егіздердің ата-анасы сәбилерінің сиам егіздері болатынын УДЗ арқылы біліпті. Мұнан кейін мамандар оларды Техастағы балалар ауруханасына жіберген.
Ондағы дәрігерлер босану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сәбилердің күтімі жөнінде арнайы жоспар құрған. Ал ерлі-зайыптылар ауруханада жатқан сәбилерінің жанында болу үшін, уақытша Хьюстон қаласына көшіп келіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары