{metadescription}
ВИДЕО: 100-ден астам жолаушысы бар Bek Air ұшағы жедел қонуға мәжбүр болған

ВИДЕО: 100-ден астам жолаушысы бар Bek Air ұшағы жедел қонуға мәжбүр болған

Bek Air әуе компаниясының экипаж мүшелері Таразда шұғыл түрде қонған ұшақтың ішін видеоға түсіріп жариялады.

Кадрдан тыс дауыс бортта өрт болмағанын мәлімдеді.

Алматыдан Атырауға сейсенбі күні таңертең аттанған ұшақта 100-ден астам жолаушы болған. Алайда ұшақ шұғыл түрде Таразға қонуға мәжбүр болыпты.

"Ұшақтағы қысым көтеру жүйесінде ақау шықты. Ұшақ командирі қауіпсіз биіктікке төмендеп, межелеген жерге жетуге болатын еді, бірақ жанармай таусылып қалуы мүмкін болғандықтан, ұшақты Тараз қаласының әуежайына қондырды", — деп мәлімет берді Bek Air компаниясының бас директоры Сырым Омаржанов.

Әуе компаниясы жолаушыларды Атырауға жеткізу үшін Таразға басқа ұшақ жіберген.

Дереккөз: sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.