{metadescription}
ФОТО: Арықтаймын деп адам шошырлық күйге түскен

ФОТО: Арықтаймын деп адам шошырлық күйге түскен

Артық салмақтан арылу үшін бірінші қанттан бас тартқан бойжеткен кейіннен мүлдем тамақ жеуді қойған.

Германиядағы Майнц қаласының тұрғыны Анника Хоф 14 жасында фитнеспен айналысып, мейлінше арық болуға талпынады. 

Тіпті тамақ ішуден де бас тартқан ол өзінің организмін нашар жағдайға түсіріп тынған.

Қыздарының көз алдында солып бара жатқанын байқаған ата-ана оны бірден емдеуге кіріседі. Алайда арық денені сымбатты санаған Анника аурухана дәрігерлерінен айласын асырып, берген тамақтарын түкіріп, шүберектер мен қалталарға тыға бастаған.

Көмек қолын созғандарды тыңдағысы келмеген қыз салмағы 39 келіге жеткенде денсаулығының мүлдем төмендеп кеткенін түсіне бастаған.

Ол бірден медициналық спорттық курстарға жазылып дәрігерлердің бақылауымен денесін шынықтыруды қолға алып, қажетті мамандардың нұсқауымен тамақтану ретін түзеткен.

Бүгінгі күні Анникаға қарап бұрын оның күрделі ауруға шалдыққанын тіпті байқамайсыз.

Оның өзі де "арық денені қалайша сымбатты деп есептегем" деп таңғалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.