Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: ШҚО тұрғыны үйінде ерекше жануар асырап отыр
Шығыс Қазақстан облысындағы Креcтовка ауылының тұрғыны үйінде борсық асырап отыр.
16:40 04.03.2018
Ирина Савоськинаның айтуынша, былтырғы жылдың мамыр айында ол борсықты тауып алып, үйіне алып келген. Ауылдастары борсықты қолға үйретуге шешім қабылдап, ауылда қалдырған.
Иесі Борсыққа Маша деп ат қойыпты. Бастапқыда жануарды сүтпен қоректендірген. Қазіргі уақытта ол ет және нан жейді екен. Иесінің сөзінше, Маша тәттіні де сүйіп жейді.
«Маша бөтен адамдарды ұнатпайды. Үйімізге келген бөтен адамдарға ырылдап, айбат көрсетеді. Мұндай жағдайда өзін қалай ұстайтынын білмейміз», – дейді әйел.
Қазіргі уақытта жануар иесінің үйінде тұрып жатыр. Иесі жаз таяғанда оны аулаға жібермек.
Алайда отбасы борсықты жабайы табиғатқа жіберу туралы ойламайды.
Дереккөз: YK-news.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram