{metadescription}
1 шілдеден бастап ЕАЭО елдеріне ортақ автоқұжат енгізіледі

1 шілдеден бастап ЕАЭО елдеріне ортақ автоқұжат енгізіледі

Қазақстандағы  АвтоБизнес ассоциациясы (ҚАБА) 1 шілдеден бастап ел аумағына электронды автоқұжат енгізу жұмыстарын бастайды.

Өздерінің Facebook парақшасына ҚАБА былай деп жазады: Электронды автоқұжатқа автомобиль «өмірінің» барлық тарихы енгізіледі. Оның ішіне техникалық сапасынан бастап, жол-көлік оқиғаларына қатысты жағдайы, техникалық қызметтен өтуі басқа да шектеулерге қатысы бар екені жазылады.

«2018 жылдың 1 шілдесінен бастап көлік құралдарының автоқұжатқа өтуі Еуразиялық экономикалық одақтың ішіндегі құжаттарды жеделдетіп, бизнестегі операциялық жұмыстарды жеңілдетеді»,-деп жазылған хабарламада.

Енді қолдан көлік сатып алғалы тұрған кез келген адамы арнайы порталға кіріп автомобильдің тарихымен оңай таныса алады. Электронды автоқұжат жүйесіне өту кезең-кезеңімен іске асырылады.

Құжат барлық ЕАЭО елдерінде бірдей болады.

ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде