{metadescription}
Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жекте ресейлік боксшыны жеңді

Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жекте ресейлік боксшыны жеңді

Ақмола облысындағы Щучинск қаласында Марина Вольнова жүлдесіне өтіп жатқан турнирде бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (51 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Қызайбай ресейлік Гелюса Гадиеваны 5:0 есебімен жеңді.

Осы салмақтағы Жайна Шекербекова да Жазира Орақбаевадан дәл осындай есеппен басым түсті.

2010 жылғы Азия чемпионы Мадина Нұршаева (69 келі) Гүлдана Қалмұратты, Дариға Шәкімова (75 келі) Сәния Айтжанованы, Ләззат Күнгейбаева  (81 келіден жоғары) Нұржанат Тілеуімбетованы жеңді.

Турнирге Қазақстан, Вьетнам, Үндістан, Украина, Қырғызстан, Қытай Тайбэйі және Ресей сияқты жеті мемлекеттің боксшы қыздар қатысуда. 

Фото - КФБ (Сергей Штрак)

ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде