{metadescription}
Жалақысы төмен қазақстандықтар үшін салықты 10 есеге азайту ұсынылды

Жалақысы төмен қазақстандықтар үшін салықты 10 есеге азайту ұсынылды

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төмен жалақы алатындарға салықтық жүктемені жеңілдетуді ұсынды.

«Салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана алуды ұсынамын», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осы орайда Елбасы осындай төмендеуден босатылған қаржы олардың еңбегін төлеуді арттыруға бағытталуы қажет екенін атап өтті.

«Нәтижесінде жалдамалы жұмысшылардың үштен бір бөлігінен кем емесі, яғни екі миллионнан астам адамда еңбекақысы жұмыс берушілерге еш жүктемесіз өсетін болады. Ары қарай Үкіметке табыс салығының прогессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеу керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде