Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Мейірімді балықшының қаракүзенмен әңгімесі
Ресейлік балықшының мейірімді қылығы жүрегіңе жылу оятады.
16:00 05.03.2018
Балығын аулап болып тыныстап отырған балықшының көзі алыстан жүгіріп келе жатқан қаракүзенге түсті.
Қаракүзен балықтың иісін сезіп, айналшықтап, басын қарға тығып жемтік іздеді.
Қаракүзен ауланған балықтар салынған шелекті айналсоқтап жүріп алды.
Балықшы оның аш екенін түсініп, онымен сөйлесе бастады.
Сосын шелектің қақпағын ашып, бір балықты алып берді.
Балықты лып еткізіп тістей алған қаракүзен зытып берді.
"Оу, рақметің қайда?" - деп оның соңынан айқайлаған балықшының көңілі орнына түскендей.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram