Димаш Құдайбергенге Қытайда қанша дауыс берілді
Димаш Құдайберген Қытай интернет-компаниялардың ең беделдісі - NetEase компаниясының «Ең ықпалды сері» (Top Influential Idol) рейтингінің кезекті кезеңінде жеңімпаз атанды.
17:50 05.03.2018
«Барлық шерулерде мен үшін дауыс беріп, үнемі мені қолдап, мəртебемді биіктетіп жүретін туған елімдегі жəне əлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйер тыңдармандарыма мың алғыс! Екі күнде 70 миллионға жуық дауыс жинаған жетістік сіздердікі Dears! Жеңімпаз мен емес, сіздерсіздер! Рахмет, dears!», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, бұл Димаштың «Top Influential Idol» рейтингісінде алғаш рет бой көрсетуі.
Рейтинг әр апта сайын жаңаланып, рейтингке енген әр жұлдыздың жанкүйерлері 7 күн бойы дауыс беріп әр жаңа аптаның басында жеңімпазды анықтайды.
Жыл соңында ең көп апталық жеңімпаз иегері, жылдың «Ең ықпалды серісі» атанады.
Димаш қазіргі уақытта 62-кезекті «Top Influential Idol» рейтингінде 1,09 млн дауыс жинап, үшінші орынға жайғасты.
ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!