ФОТО: Ұшақта тыр жалаңаш порно көріп отырған
Дакки (Бангладеш) әуежайында Малайзиядан ұшып келе жатқан жанжалқой ұсталды.
13:43 06.03.2018
Жолаушылардың айтуынша, ол ұшақтың ішінде тыр жалаңаш жүрген және ноутбугінен порно тамашалаған.
БАҚ-та аталмыш еркекті құрықтап жатқан сәті жарияланды.
Даккуге Куала-Лумпурдан шыққан ұшақтағы жолаушыларды ұялтып, мазасын алған ер адамды әуежайда полиция құрықтады.
Куәгерлердің айтуынша, бұл арсыз еркек салонның ішінде жалаңаш күйде ерсілі-қарсылы түк болмағандай жүріп, ол аздай, порнография қараған.
Оның шектен шыққан қылығы жолаушылардың ашуын келтіріп, ақыры оны бәрі жабылып байлап тастауға мәжбүр болған.
Бангладеш астанасына кел сала оны полиция құрықтаған.
"OD162 рейсінің бортында жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзды, экипаж мүшелері нұсқаулыққа сай әрекет істеп, бұл адамның жүруіне шек қойғызды", - деді Malindo Air. компаниясының өкілі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!