Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ҰБТ сынағы кезінде мұғалима көз жұмды
Оралда бірыңғай ұлттық тестілеу сынағы кезінде №32 орта мектептің бітіруші сынып жетекшісі қайтыс болды.
13:48 06.03.2018
«№32 мектептің оқытушысы ҰБТ сынағын тапсыру үшін оқушыларын әкелген еді. Оқушылар аудиторияларға кіріп кеткен соң, ол дәлізде қалған. 13:10 шамасында оның талмасы ұстады. Біз оған көмек көрсетуге әрекет жасап, «Жедел жәрдем» шақырдық. Бірақ «Жедел жәрдем» жедел келген жоқ, олар жеткенше жарты сағат өткен еді. Дәрігерлер келген бойда жаны үзілгенін айтты», - дейді М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанындағы ҰБТ орталығындағылар.
Оқиға түс кезінде болғандықтан, университеттің дәрігері түстенуге кеткен.
Дәл диагноз анықталған жоқ, бірақ әйелдің қан қысымының көтерілуінен зардап шеккені белгілі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері оқиға жайлы кейін пікір білдіруге уәде берді.
ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram