Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Арзан ипотека бәріне жетеді
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, 7 пайыздық ипотекаға салынатын қаржы барлығына жетуі тиіс.
14:20 06.03.2018
«Шыны керек, арзан ипотека бойынша жұмыс істейтін жаңа компанияның шарттары өте тиімді болады. Жылдық мөлшерлеме - 7 процент, мерзімі - 25 жыл. Сосын алғашқы жарна да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен салыстырғанда тиімді болып тұр. Ол жақта алғашқы жарна 30-50 процент болса, жаңа бағдарламада 20 процент қана. Әрине, халық тарапынан ондай шарттарға сұраныс жоғары болады. Соның арқасында ипотека мен құрылыс саласы жандана түседі», - деді Ж.Қасымбек.
Министрдің айтуынша, бір аптаның ішінде Ұлттық банкпен бірге жаңа бағдарламаны іске асыру жоспары дайындалады.
Аталған құжатта арзан ипотеканы берудің нақты жолдары көрсетіледі.
«Қазіргі кезде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі барлық ипотеканың жартысынан көбін алып отыр. Меніңше, жаңа компанияның келуімен бәсеке қыза түседі. Әлбетте, халық арзан ипотеканы асыға күтіп отыр. Компания құрылғаннан кейін адам кезегі де көбейді. Оны да жақсы түсінеміз. Алайда Мемлекет басшысы ипотека саласына бір триллион теңгеге дейін қаржы тартуды тапсырған болатын. Сондықтан жаңа бағдарламаны қарбалассыз іске асырылуы тиіс», - деп атап көрсетті Ж.Қасымбек.
Айта кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етудің жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Осыған байланысты ҚР Ұлттық банкі жанынан 7 проценттік ипотеканы беретін жаңа компания құрылады.
ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram