{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Мұғалімнің оқушыны жәбірлеп ұрып-соққан бейнежазбасы желіні шулатып жатыр

Өткен демалыста әлеуметтік желіде педагогтың оқушыны ұрып-соққан бейнежазбасы пайда болды.

Жасы келген мұғалима балларды жәбірлеп, оны өлтіріп, тұншықтырып саламын деп қорқытқан.

Бұл ролик үлкен дүрбелең тудырып, Орынбор прокуратурасы тап сол күні тексеру жүргізді.

Мұғалима үйінде жеке сабақ оқытумен айналысады. Бейнежазбада педагогтың оқушыларды жәбірлеп, шапалақпен ұрып, соғып, қол көтеріп, тіпті егер бала өтірік айтса тұншықтырып саламын дегені айқын көрініп тұр. 

Бұл Орынбор облысының жекелеген органдары мен білім беру бөлімінің назарына ілігіп, олар жылдам тексеру жүргізді.

Бұған қатысты адамдарға сауал қойылды. 

Нәтижесінде Орынбор облысы Беляев ауданы Крючковка ауылында мұндай педагог жоқ болып шықты. Бұған қарамастан шенеуніктер орынборлықтарға бей-жай қарамағаны үшін алғыс айтты.

Аталмыш бейнежазба егжей-тегжейлі тексеріліп, бірқатар қателіктер табылды. Біріншіден, столда жатқан оқу құралдары Ресей аумағында қолданылмайды. Екіншіден, "педагогтың" тілі аталмыш өңірге сәйкес келмейді. Яғни, жергілікті тілден бөлегірек. 

 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде