{metadescription}
Ұлықбек Есдәулет Жазушылар Одағының төрағасы болып сайланды

Ұлықбек Есдәулет Жазушылар Одағының төрағасы болып сайланды

Алматыда Қазақстан Жазушыларының кезекті XV Құрылтайы өтті. 

Құрылтайда Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жаңа құрамы бекітіліп, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жаңа төрағасы болып ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет тағайындалды және бақылау-тексеру комиссиясы сайланып, ағалар алқасының құрамы бекітілді.

Бұған дейін Нұрлан Оразалин өзінің кезекті рет сайлауға түспейтінін мәлімдеген болатын. Ал жалпы жазушылар төрағалыққа көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулетті құп көрген еді. Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулетті жазушылар қауымының басым көпшілігі қолдады.

Сонымен көптен күткен мәселенің де басы ашылды. 25 жылдан кейін Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы ауысты.

Сабыр Адай, Сауытбек Абдрахман, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, Ермек Аманшаев бастаған алдыңғы буын ағалар мен қатар Бақытгүл Бабаш, Ақберен Елгезек, Әлия Дәулетбаева, Бақыт Беделхан, Ерлан Жүніс қатарлы жаңа толқынның барлығын қамтыған 151 адам одақ төрағасы атануға үміткер болған. Соның ішінен жаңа төраға болып Ұлықбек Есдәулет сайланды.

Дереккөз: Baq.kz 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.