{metadescription}
ФОТО: Непалда 78 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

ФОТО: Непалда 78 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

17 жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Бангладештің US-Bangla жекеменшік авиакомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Трибхуван атындағы Катманду халықаралық әуежайының маңында апатқа ұшырады

Жергілікті басылымның ақпаратынша, ұшақтың борттық нөмірі – S2-AGU. Қону жолағына кірерде лайнер ұшу-қону жолағына қонбай, әуежайдан шығысқа қарай орналасқан футбол алаңына құлаған. Көп ұзамай әуе кемесі өртеніп кеткен.

Билік өкілдері апат салдарынан адамдар қаза тапқан болуы мүмкін деп топшылап отыр, алайда әзірге ресми ақпарат келіп түскен жоқ.

Flightradar24 сайтының мәліметіне сүйенек, Bombardier Dash 8 Q400 лайнері апатқа ұшыраған. Ұшақ 17 жыл пайдаланылып келген.

Оқиға орнында өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеп жатыр. Соңғы ақпараттар бойынша, 17 жолаушы құтқарылып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.