Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Әлемдегі алғашқы ұшатын автокөлік сатылымға шықты
Жақында автокөлік Швейцарияның халықаралық автосалонында ұсынылды.
14:30 13.03.2018
Жерде ғана емес, ауада да қозғала алатын автокөлікті голландиялық PAL-V компаниясы әзірледі.
Әуе көлігі сыртынан қарағанда тікұшаққа ұқсайды. Бірақ бұл жаңа техника тек ұшуға емес, сондай-ақ жерде қозғалуға да арналған. Әзірлеушілердің айтуынша, ұшатын автокөлік үш жарым мың метр биіктікке дейін көтеріле алады.
Әуеде көлік жылдамдығы сағатына 180 км дейін жетсе, жердегі қозғалысы 160 километрге жетеді екен. Көлікті әуеде немесе жерде қолдану үшін оны қолмен басқарады. Ол орта есеппен 10 минуттан да аз уақытты алады.
Айта кетейік, әуеде ұшатын PAL-V Flying Car автокөлігі алдын-ала тапсырыс беру үшін қол жетімді.
Дегенмен, бұл техниканы басқару үшін, көлік иесінде ұшқыш лицензиясы болу керек. Әзірлеушілер құны 300 мың еуродан басталатын әуе көлігінің екі түрін өндіруді жоспарлап отырмыз, дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram