ФОТО: Бала күтуші балаларға ұйықтатын дәрі беріп отырған
Бала күтуші күнге қыздырыну үшін балаларға ұйықтатын дәрі берген.
14:52 13.03.2018
Орегонда 32 жастағы бала күтуші өз үйінен шағын балабақша ұйымдастырған.
Бірақ алты айдан бастап алты жасқа дейінгі балаларды түскі он бір мен екінің ортасында ұйықтатып, өзі спорт залға немесе күнге қыздырынуға барып отырған.
Балаларға ұйықтатын қоспа беріп кететін болған. Орегон штатының полициясы келіншекті бірнеше күн бақылап, түс мезгілінде үйіне барған. Олар үйге келгенде балаларды ес-түссіз жатқан жерлерінен тауып алған.
Сот бала күтушіні 21 жылға абақтыға жабу жазасына кесті. Оның сотына отызға жуық ата-ана қатысқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!