Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақша күрестен ашық республикалық турнир өтті
Атырауда қазақша күрестен ашық республикалық турнир өтті.
14:40 15.03.2018
Аталмыш шара «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы аясында өтті.
Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан мықты деген 18 спортшы, сондай-ақ Грузияның палуандары қатысты.
«Қазіргі уақытта Атырау облысында ұлттық спорт түрлері белсенді дамып келеді, солардың бірі қазақша күрес. Жарысқа «Қазақстан барысы» және «Әлем барысы» турнирлерінің жеңімпаздары қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрады.
Бас ақшалай жүлде - 2 миллион теңгені Шығыс Қазақстан облысының палуаны Айбек Нұғымаров иеленсе, екінші орын алған алматылық палуан Дәурен Нуралинов 1 миллион теңгені қанжығасына байласа, үшінші орынды, яғни 500 мың теңге ақшалай жүлдені қарағандылық Ержан Шынкеев пен алматылық Руслан Әбдіразақов бөлісті.
Дереккөз: SPORTINFORM
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram