Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ФОТО: Алтын тиелген ұшақтың жүгі жерге шашылды
Якутскіден ұшып шықпақ болған ұшақтың жүк салатын люгінің қақпағы ашылып кетті.
16:50 15.03.2018
Люктің ашылып кетуі себебі анықталмаған. Полиция әуежайдың маңын жауып тастап, өткен-кеткен адамдар мен жүргізушілерді жіті тінтуге кіріскен.
Ресми ақпарат әзірге жоқ. Алайда желіге тарап кеткен ақпаратқа сенсек, ұшақтан түскен заттар алтын құймаларына қатты ұқсайды екен.
Telegram-дағы Mash арнасы хабарлағандай, ұшақ бортында 21 миллиард 600 миллион рубльге бағаланатын алтын болған.
Әзірге Якутск әуежайы мен сол маңайдан 172 алтын құймасы табылды. Әр құйманың салмағы 20 келі. Ақпарат құралдарының мәліметінше, ұшақта шамамен тоғыз тоннаға жуық алтын болған. Ол жүктің жартысынан астамы апат кезінде жоғалып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram