{metadescription}
Қоқыстан құны 100,000 доллар тұратын гауһартас әшекейлер табылды

Қоқыстан құны 100,000 доллар тұратын гауһартас әшекейлер табылды

АҚШ-тың  Гейнсвил қаласында қоқыс полигонынан  ішінде 100,000 доллар  тұратын құнды әшекейлер салынған пакет табылды.

Гейнсвил қаласының тұрғыны шатасып ішінде гауһартас сақина мен білезік салынған пакетін қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген.

Ол өзінің қателескенін біліп әшекей бұйымдарын алу үшін қоқыс жәшігіне барған.

Алайда, әйелдің құны бағалы әшекейлер салынған пакеті қоқыстан табылмады. Не істерін білмеген әйел қоқыс тасымалдайтын бөлімге хабарласқан.

Әйелдің жолы болып жеткізілген қалдықтар басқа қоқыспен араласпаған екен. Қоқыс тасушылардың  тіркеу журналының  көмегімен зергерлік бұйым салынған пакеттің қайда жіберілгені анықталған.

Жоғалған зергерлік бұйымдарды қоқыс полигонының бес қызметкері он тонна қоқыстың  ішінен бес сағат бойы іздепғ әрең тапқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде