{metadescription}
Мұратхан Тоқмәди 10 жыл 6 айға сотталды

Мұратхан Тоқмәди 10 жыл 6 айға сотталды

Бүгiн Таразда бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот үкiмi шықты.

2004 жылы Тұран Әлем Банкiнiң бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшевтi өлтiрдi деп айыпталған Тоқмәди 10 жыл 6 айға сотталды.

Сот жарыссөзiнде прокурорлар Тоқмәдиге 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Мұратхан Тоқмәдиге 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «ж», «з» тармақтарында (адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып не қарақшылықпен, бопсалаумен не бандитизммен адам өлтіру) қарастырылған қылмыстар жасады деген айып тағылған едi.

Бүгiн Жамбыл облысы бойынша қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Азамат Тілепов Тоқмәдиге 10 жыл 6 ай жаза тағайындалғанын айтты. Енді ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қауіпсіздігі жоғары колониясында өтейді.

Мұратхан Тоқмәдидiң адвокаты Анжелика Ажигулова судьядан жазаны жеңiлдетудi өтiнген болатын. Тоқмәдидiң өзi де осындай өтiнiшiн соттағы соңғы сөзiнде бiлдiрген едi.

Дереккөз: bnews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде