Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Қатал өмірге төзе алмаған байдың қызы елінен қашып кетті
Біріккен Араба әмірліктерінің вице-президенті Мухаммед бен Рашид Аль Мактумның 33 жастағы қызы Латифа қоштасу видеосын қалдырып, өзі тыңшының көмегімен қашып кеткен.
13:25 16.03.2018
Видеода қашып кеткен қыз араб әмірліктерінде еркін өмір сүре алмайтындықтан, осындай қадамға барып отырғанын жеткізген. Айтуынша, ол өте бай шейхтың 30 баласының бірі.
Латифаның әпкесі де дәл осындай себеппен елден қашып кеткен көрінеді.
Оған елдегі көптеген тыйымдар - әйелдерге көлік жүргізуге болмайтыны, өзіндік таңдау жасап, шешім қабылдай алмайтыны, жеке өмірін үнемі бақылауда ұстайтыны ұнамапты.
Латифаның қашып кетуіне бұрынғы француз тыңшысы көмектескен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол қазір Үнді жағалауындағы желкенді қайықтардың бірінде жасырынып отыр.
Ал алдағы уақытта АҚШ-қа көмек сұрап баруы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram